Спорт • 23 Шілде, 2019

«Тобылдың» бапкері қызметінен кетті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы­ның бас бапкері Владимир Газзаев Еуропа лигасындағы команданың сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты өз еркімен жұмысынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Тобылдың» бапкері қызметінен кетті

 «Қостанай футбол клубының тізгінін ұстаған Владимир Газзаев өз еркімен отстав­каға кетті. Сонымен қатар оның көмекшісі Николай Латыш та жұмыстан шықты. «Тобыл» командасы Владимир Газзаев пен оның бапкерлік штабына алғыс айтады», дейді клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ресейлік маман «Тобылға» 2018 жылдың желтоқсан айында келген болатын. Команда оның жетекшілігімен Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жетті. Сондай-ақ «Тобыл» қазіргі уақытта ел чемпионатының 19-турынан кейін 39 ұпаймен көш бастап келеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30