Спорт • 17 Шілде, 2019

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапеште өткен әлемдік Гран-при турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз бір алтын, бір күміс жүлде иеленген болатын.

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Жаңа рейтингке сәйкес, жарыс жеңімпазы атанған дзюдошы Елдос Сметов (60 кг) 4821 ұпаймен алтыншы орыннан бесінші орынға көтеріліп, әлемнің ең үздік ТОП-5 дзюдошылары қатарына енді. Күміс жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов (66 кг) 3504 ұпаймен 12-ден 11-ші сатыға жоғарылады.

Сондай-ақ ТОП-20 қатарында 60 килодағы Ғұсман Қырғызбаев (11-орын), 66 килода белдесетін Ерлан Серікжанов (8), 73 килодағы балуан Жансай Смағұлов (19), 81 кило салмақ дәрежесіндегі Дидар Хамза (17) және 90 килодағы Ислам Бозбаев (11) бар.

Айта кетерлігі, IJF ережесіне сәйкес Гран-приде бірінші орын алған спортшыға 700, екінші орынға – 490, үшінші орынға ие болған дзюдошыға әлемдік рейтингте 350 ұпай қосылады.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30