Спорт • 10 Шілде, 2019

Уимблдон турнирі «аяқталды»

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания астанасы – Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирі қазақ­стандық теннисшілер үшін өз мәресіне жетті. Уимблдонда сынға түсіп жатқан жалғыз үмітіміз – Михаил Кукушкин де жарыстың 1/8 финалында әлемнің сегізінші ракеткасына есе жіберді.

Уимблдон турнирі «аяқталды»

Кукушкин плей-офф кезеңінде Жапо­нияның жұлдызы – Кеи Нисикоримен кездесіп, төрт сет ойнады. Алғашқы сетте Нисикори 3:6 есебімен басым түскенімен, Михаил екінші сетті өз еншісіне жазды. Есеп – 6:3. Бірақ қалған екі сетте де жапониялық теннисші өзінің мықты екенін дәлелдеп, 3:6, 4:6 нәтижесімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша қазақстандық теннисшілер үшін «Үлкен дулыға» санатындағы Уимбл­дон турнирі ерте аяқталды. Қыздар ара­сында сынға түскен Зарина Диас турнир­дің алғашқы айналымында сүрінсе, Юлия Путинцева екінші кезеңде жеңілді.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30