Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қызылордада көпқабатты үйдің құрылысы басталды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Қызылордада көпқабатты үйдің құрылысы басталды

«Бүгін біз сол жағалаудағы жаңа үш шағын ауданның алғашқы үйін салуға кірісудеміз. Бұған дейін салынған шағын ауданға 70 пайызға жуық пәтер иесі қоныстанып үлгерді, жыл соңына дейін мұнда 2466 пәтерлік 53 үй салынады. Жалпы соңғы 6 жылда аймақта 361 көп қабатты үй немесе 7000 пәтер салынды. Оның ішінде 600 астам пәтерді бұрынғы апатты үйлердің тұрғындары алды. Қызылорда облысы – апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесін толық шешкен Қазақстандағы бірден-бір аймақ», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

 "Қызылорда облысында жыл сайын құрылыс жұмыстарының көлемі артып келеді. Соңғы 5 жылың өзінде облыс орталығында 4 мың пәтерлік 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл  - қызылордалықтардың әл-ауқатының өсіп жатқанының дәлелі. Алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 320 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 орындық емхана салу жоспарлануда", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорданың сол жағалауындағы құрылыс 2016 жылы басталған еді. Өткен жылы сол жағалаудағы жаңа қалада жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынған 14 көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" орталығы мен 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы "Болашақ" университеті кампусы мен Жастар орталығының құрылысы аяқталды.

Соңғы 6 жылда өңірде 3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынған.



Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025