13 Наурыз, 2010

ҮЛЕСІ ҮШІН РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылы­ғының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев митрополит Мефодийді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Тоқаев біздің еліміздегі митрополит окру­гі­нің бұрынғы басшысына Қазақ­стан қоғамдастығындағы ұлттық бірлік пен дінаралық келісімді қамтамасыз ету ісіне зор үлес қос­қаны үшін ризашылық білдіріп, оның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына бел­сенді түрде қатысқанын атап өтті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақ­стан басшылығының елімізді жаң­ғырту мен ілгерілету барысындағы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатындағы күш-жігерімен Орыс православие шіркеуінің қызметі де үйлесіп отыр. Төраға сондай-ақ Орыс православие шіркеуінің патриархы Кириллдің таяудағы Қазақстанға сапары мен оның Президент Н.Назарбаевпен келіс­сөздерінің маңыздылығын атап өтті. Митрополит Мефодий дін­ара­­лық үнқатысу жөніндегі жо­ғар­ғы деңгейдегі кездесулер өт­кізу жө­нін­дегі бірлескен жұ­мыстары үшін Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевқа алғыс айтты. “Мен Орыс Православие шір­кеуінің өкілі ретінде Қа­зақ­станда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтаныш ете­мін. Мен Қазақстан мен оның халқын шынайы жақсы көрдім”, – деді митрополит. Митрополит Мефодий Киелі синоданың шешімімен биылғы 5 наурызда Пермь және Соли­камск епархиясының басқару­шы­сы болып тағайындалды. *  *  * Кеше Сенат Төрағасы біздің елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне белсенді қатысушы, ғұлама ға­лым Шейх Мухаммад Саид Тан­тауидің мезгілсіз қайтыс болуына байла­нысты Египет Араб Рес­пуб­ли­ка­сының Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі­не көңіл айту жеделхатын жі­берді