Спорт • 28 Желтоқсан, 2018

Алғашқы жеңімпаздар анықталды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні тартысты өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Спринтерлер жарысы жанкүйерлер мен бапкерлер үшін аса қызықты өтті. Қыздар арасындағы тартысты бәсекеде 22 минут 33 секунд көрсеткішімен Анастасия Кон­дратьева (Ақмола облысы) жеңімпаз атанды. Ол нысана көздеуде мүлт кеткен жоқ. Күміс жүлде ШҚО өкілі Елизавета Бельченконың, қола жүлде қарағандылық Людмила Ахатованың еншісінде. Жасөс­пірімдер арасында үздіктер үштігін Евгения Красикова, Арина Шешукова және Полина Егорова құрады. 

Ал ерлер арасындағы спринтте Владислав Киреевтің (Қарағанды облысы) көрсеткіші бәрінен жоғары болды. Ол белгіленген қашықтықты 27 минут 22  секундта жүріп өткен. Нысана көздеуде де Киреевтің ұпайы түгел. Жеңімпаздан 19  секундқа ұтылған Тимур Куц (Павлодар облысы) күміс жүлде иеленсе, Роман Еремин (Ақмола облысы) қола медальға қол жеткізді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»