Президент • 23 Қараша, 2018

Ұлы дала ұлағатын ұлықтау

465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спор министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылаған жиын өтті.

Ұлы дала ұлағатын ұлықтау

Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайрат­керлері, өнер майталмандары қатысты. Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы мақаласында айтылған, атқарылуы тиіс жұмыс­тар­дың әрқайсысына жіті тоқталып, алда атқарылар игілікті шараларға жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар Мем­ле­кет басшысының алға қой­ған мақсаттарын жүзеге асыру жұ­мыс­тары басталып та кеткендігін жеткізді.

«Біздің министрлік – осы бағдарламаны тікелей іске асыратын негізгі мемлекеттік орган. Неге десеңіздер, Алтын адамның тарихын зерттеу болсын, энциклопедия, музейді құру болсын – біздің министрліктің құзырындағы шаруа. Сол себептен бүкіл мекеме басшыларының басын қосып отырыс өткізіп жатырмыз. Алдымыздағы нақты мақсаттар айқындалды. Ең тапшы дүние – уақыт. Елбасының өзі уақытты тиімді пайдалану керектігін айтып отыр. Сол себептен, осы тарихи еңбектердің аясында бір аптаның ішінде нақты ұсыныстарды беруіміз керек», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Министр халықтың көңілінен шығатын ұсыныстар айтылып жатқанын да жеткізді. Димаш Құдайбергеннің Лондонда үлкен деңгейде өткен концертін де атап өткен министр Қасым хан туралы да көркем фильм түсірілетінін айтты. «Қасым хан туралы фильмнің жобасы бойынша біз картинаның сценарийіне тапсырыс бердік. Сценарийдің қалай жазылғаны­на ден қоярымыз анық. Егер онда Қасым ханның барлық ерлігі мен өмірі қамтылса, әрі қарай жұмысты жалғастыратын боламыз. Режиссер «Ертұғрыл» сериалын түсірген түрік режиссері болады. Ол қазақстандық мамандармен бірге сценарийді жазып шықты. 

Қазіргі таңда қазақстандық режиссерлер ірі жобалармен жүр. Ақан Сатаев «Тұмар патша­йым» фильмінің түсіру жұмыс­тарын аяқтады. Рүстем Әбдіраш «Алмас қылыштың» жалға­сына кірісіп кетті. Әлемдік деңгей­ге жету үшін біз мойындал­ған режиссерлер мен авторларды шақыруымыз керек», дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024