22 Қараша, 2018

Павлодар облысы Успен ауданына 45 отбасы көшіп келді

701 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде  басқа аудандарға қарағанда Успен ауданына қоныс аударушылар саны артуда.

Павлодар облысы Успен ауданына 45 отбасы көшіп келді

Ауданға  ішкі қөші-қон бойынша  20 отбасы (92 адам) , сыртқы көші-қон бойынша 25 отбасы (89 адам) келді.   

Мысалы, Маңғыстау облысынан  26 адамы бар 5 отбасы, Түркістан облысынан  14 адамы бар 3 отбасы, Жамбыл облысынан 4 адамы бар,1 отбасы, Алматы облысынан 33 адамы бар 7 отбасы, Қызылорда облысынан 15 адамы бар 4 отбасы ауданға қоныс аударған.

Сонымен бірге,  араларында «Серпін» бағдарламасы бойынша оқу бітіріп келген  Розия Атембаева, Сары Қыстаубай, Рахманова Дилбар, Есенбаев Қолдас, Құнанбай Жалын деген жастар да бар.

Ауданға барған  жолсапар кезінде бізде жастармен кездестік. Басқарманың мәліметінше, Ішкі көші қон бойынша жұмысқа жарамды 46 адамның 37-сі тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.

Түркістан облысы, Сайрам ауданынан қоныс аударған Ниязтаев Мадикаримнің 200-ге таяу ірі қара малы бар, оған 300 гектар жер берілген.

Шымкенттік  Жалғас Кенжеев 6 пайыздық төмен мөлшерлемемен 3 миллион теңге несие алған. Қазір Кенжеев қожалығында 14 бас сиыр бар, қора салып жатыр.

Ал сыртқы көші-қон бойынша аудандағы Ольгино ауылына Қытайдан көшіп келген 25 отбасы жұмыспен қамтылуда. Ішкі және сыртқы көші-қон бойынша көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне жол шығындарын өтеу үшін берілетін 35 есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржы 44 отбасына берілді.

Ауылдағы мектепте барлығы  1-11 сыныптар аралығында жергілікті тұрғындардың  66 баласы білім алуда.

Ал, Қытайдан ата-анасымен бірге келген 16 оқушы үшін қазақ тілінде білім беретін 4 сынып ашылды: 1-сыныпта 4 оқушы, 2-сыныпта 7 оқушы, 3-сыныпта 4 оқушы, 4-сыныпта 1 оқушы бар. 

Жалпы, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидия, отбасылар үйді бірден сатып алғандықтан ережеге  сәйкес  12 айдың ақшасын бір ретте 38 отбасына берілген.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы, Успен ауданы