Саясат • 22 Қараша, 2018

Ерлан Саиров: Толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көңілге қонымды. Өзіңнің та­р­их­ыңмен мақтанып қана қой­май, сол тарихтың қыр-сыр­ларын сараптап, ғылыми негізде бола­шаққа бағдар жасау өте өзек­ті. Жаһандану заманына біздің өз тамырымызбен, сол тамыры­мызды те­реңдете отырып енуі­міз өзек­ті. Осы тұрғыда, өзіміздің тола­ғай та­­ри­­хымызды түлету күн тәртібінде.

Ерлан Саиров: Толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде

Отарлау кезеңінде бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды. Біз сол жүйелі әрекеттердің арқасында өзіміздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есіміз­ге алғымыз келмеді, «тарихтан шаршау» синдромына іліктік. «Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады» деген аспект бар. Біз осынау «мәңгүрттік» заманды да басымыздан өткердік... Жаһандану процестері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді.

Жаһандану әрқашан болған. Халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы дала­ның сценарийімен болған жаһан­данудың жобалары. Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін Батыс иеленіп, пай­да­ланып келеді. Атты қолға үйре­ту, үзеңгі, металлургия, алтын өң­деу технологиялары біздің қасиет­ті жерде пайда болған. Осы жайт Батыс тарихнамасында жабулы қазан болып тұр.

Ғылыми-техникалық про­грестің тарихшысы Линн Уайт «Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады» дейді. Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет...

Ерлан САИРОВ,

Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары, саясаттанушы