19 Наурыз, 2018

Қазақстандық гүрзі жұдырық иелері халықаралық турнирде үздік шықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде қазақстандық гүрзі жұдырық иелерінен әлемнің кез келген боксшылары қай­мы­ғып, біздің батырлармен са­на­сатыны белгілі. Бұл әлемдік бокс­та қазақстандық спортшылар­дың өзіндік ойын өрнегі бар екен­дігін көрсетке керек. Дүниенің әр қиы­рынан 300-ге тарта спортшы қа­­тысқан Венгриядағы жас­­тар арасындағы айтулы ха­лықара­лық турнирде ақмолалық спортшы жасындай жарқырады.

Қазақстандық гүрзі жұдырық иелері халықаралық турнирде үздік шықты

Венгрияның Эдер қаласын­да жастар арасында өткен ха­лық­аралық турнирде Ақмола облы­сының боксшысы Талғат Шай­кен ешкімге дес берген жоқ. Қа­зақ­стан жастар құрама командасы сапында сынға түскен ол 64 кило салмақта чемпион атанды. Бірінші жекпе-жекте Талғат гер­ма­ниялық боксшыны жеңіп, алға озды. Келесі айқаста ол жер­гілікті венгр бокс­шысын тізе бүк­тіріп, өзінің мықты екендігін тағы дәлелдеді. Бұдан кейінгі жұ­дырықтасу Дания спортшысымен жалғасты. Финалдық сайыста ақмолалық спортшы әлсіздік танытпай, қарсыласын тықсыра жүріп қапы қалдырды. Осылайша үш кездесу нәтижесі бойынша жерлесіміз алтын жүлде алды.

Реті келгенде айта кетейік, Тал­ғат Қажымұқан атындағы №3 арнайы облыстық бала­лар-жасөспірімдер спорт мекте­бінің тәрбиеленушісі. Сон­дай-ақ ол жаттықтырушы Қуат Бей­сен­баевтың жеке жетекшілігімен шеберлігін шыңдап келеді. Алда Талғат Шайкенді әлі оқу-жат­тығу жиындары мен жос­пар­ланып отырған Бангкок қаласында (Тайланд) өтетін Азия чем­пионаты күтіп тұр.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы