Қазақстан • 05 Наурыз, 2018

Елбасы студенттерге арнап 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударды. Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру туралы сөз ете келе, осы тұрғыда жатақхана тапшылығын біржола шешу жайы туралы айтып өтті.

Елбасы студенттерге арнап 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырды

«Әлемдік білім беру жүйесін құруда студенттердің өмір сүру жағдайы басты назарда. Бүгінде ЖОО мен колледж студенттерін жатақханамен қамту сұрақтары көкейде тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында жатақхана құрылысын девелоперлік компаниялар арқылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі негізінде іске асыру керек. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын. Тиісті сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешетін болады», деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кету керек, бірлескен отырысқа Жоғарғы Сот, Үкімет мүшелері толық құрамда, Президентке тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.  Еске сала кетейік, 2 наурызда Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18