«Индустриаландыру картасы аясында 2010-2016 жылдар аралығында Астанада жалпы сомасы 232,6 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылды. Соның арқасында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды», – деді бөлім басшысы.
Сонымен бірге, Индустриаландыру картасы аясында өндірістік өнімнің көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 22,3 млрд теңгеге немесе 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артып, 111,3 млрд теңгені құрады. Ведомство мәліметтері бойынша жобалардың жүктемесі орташа есеппен алғанда 78 пайызды құрайды.