Қазақстан • 23 Маусым, 2017

«Нұр Сұңқар» үздіктері марапатталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Бай­ланыс және ақпарат күні қарсаңында «Нұр Сұңқар» респуб­ликалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

«Нұр Сұңқар» үздіктері марапатталды

Байқау қорытындысы бойын­ша «Сөз шебері» аталымында «Егемен Қазақстан» газеті мәде­ниет және руханият бөлімінің меңгеру­шісі, әріптесіміз Талғат Батыр­хан үздік деп танылды. «Ел­басы бастамаларын халыққа түсін­діруге қосқан үлесі үшін» аталымын «Қазақстан» РТРК» АҚ арнайы тілшісі Дулат Нуркин иеленді. 
«Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымын Қа­ра­ғанды облысы бойынша «Ли­тер» газетінің тілшісі Айнұр Бала­ке­шова иеленді. «Ерекше пі­кі­р» аталымында «Астана» теле­ар­­насы ақпараттық-сарап­та­ма­лық бағдарламалар дирек­торы Анар Каринтаева үздік телеви­зия­лық журналист атанса, «Халық дауы­сы» аталымын «Хабар 24» теле­ар­на­сының директоры Арман Сейітмамыт иеленді.
Сонымен қатар, «Аймақ айнасы» аталымын «Казах­стан­ская правда» газетінің Қоста­най облысындағы тілшісі  Ев­ге­­ний Ермаков пен «Семей таңы» газетінің басшысы Риза Мол­дашева өзара бөлісті.   
«Ең үздік талдау бағдарлама­сы» аталымы «Хабар» теларнасы кешкі жаңалықтар қызметінің бас редак­торы, «Негізінде» бағдар­лама­сы­ның жүргізушісі Руслан Оспан­ға табыс етілді.  «Медиа про­фи» аталымын «Qamshy Media» ЖШС директоры Нұрғали Нұртай мен baq.kz сайтының редакторы Ер­жан Жаубай иеленіп, интернет басы­лым­ның үздік журналистері атанды.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»