29 Қараша, 2016

Қазақстан мен Ресей туризмді бірлесе дамытуды талқылады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиев Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қырық бесінші пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Ассамблея жұмысы аясында Таврия сарайында туризм саласы бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралған Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды жиыны Федерация кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. Оған вице-спикерлер Сергей Громов пен Ілияс Умаханов төрағалық етті. Марат Иғалиев Қазақстан мен Ресей арасындағы туризм саласын дамытудың негізгі мәселелеріне тоқталды. «ІЖӨ-ге қосатын туризм көрсеткішінің төмендігі, ішкі туризмнің даму деңгейінің жеткіліксіздігі мен сыртқа шығу туризмі бағыттарының артықшылығы, туризмді дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткішінің төмендігі, туризм саласына экономикадағы дағдарыстың кері әсер етуі сияқты мәселелер бар. Мұндай жағдайда біздің елдер бірлескен туристік өнімдерді барынша ұсыну керек. Әсіресе, Қытай нарығына шығаруды қолға алу қажет. Сонымен қатар, шекаралық ынтымақтастықты дамыту,  сыртқы нарыққа Қазақстан мен Ресейдің туристік әлеуетін паш ету, шетелдік туристер үшін визалық және тіркелу мәселелерін шешу, ішкі туризмді дамыту сияқты негізгі жұмыстарды қолға алу қажет», – деді М.Иғалиев.  
Соңғы жаңалықтар