Оңтүстікте Наурыз мерекесіне байланысты «Наурыз-думан» апталығы басталып кетті. Шымкенттегі темір жол бекетінің түбінен жарып шығып, қаланы көктей өтетін Қошқар ата өзені бойында тамаша демалыс аймағы бар.
21 наурызға дейін түзілген мерекелік шараның алғашқы күніне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болып, өңірдегі этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды. Әр этномәдени бірлестік наурызкөжеден дәм татқызды.
– Бұл мерекенің күн мен түннің теңеліп, ұлыстың ұлы күні болуымен қатар, ұлттар достығын нығайтудағы орны ерек, – дейді облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Халмұрадов. –Халық аузында «мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» деген сөз бар. Ортақ дастарқан, мерекелік көңіл күй, әр ұлт пен ұлыстың концерттік бағдарламасы баршаны бір үйдің баласындай етіп жібереді. Бәріне Қазақстандай қуатты мемлекеттің перзенті екендігін ұқтырады.
Осындай күйдегі әңгімелердің ауанын этномәдени бірлестіктердің төрағаларынан да ұғындық.
Наурыз апталығы күн сайын осындай ырыс-берекеге бас біріктіретін жаңа леппен аталып өтуде.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Өндіріс • Кеше