Оңтүстік Қазақстан облысы - қазақтың құйқалы бір өңірі. Көшетті теріс қадасаң да тамырланып, дараққа айналатын құнарлы аймақтары да бар. Соның бірі - Сайрам ауданы. Бұл жақтағы адамдардың диқаншылықпен атағы шыққан. Сайрам ауданына жол жүрсеңіз, ауыл-ауылдарда игерілмеген үй іргелік жер таппайсыз.
Ата, ағаларының осы еңбегін көріп өскен мектеп оқушылары да жастайынан еңбекқор болып өседі.
Қазір Оңтүстіктің әр аудан, қалаларында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен көшеттер егу науқаны жүріп жатыр.
Осы науқанға үлес қосқысы келген Сайрам ауданында 72 орта мектептің биыл білім ұясымен қоштасатын түлектері бір-бір көшет әкеліп мектеп ауласына отырғызды.
Мектеп оқушыларының «Менің ағашым менімен бірге өседі» акциясында аудан аумағында 10 418 көшет тамыр жайды. Акцияға қатысқан Шыңғыс Бәйсейітов атты оқушы «біз отырғызған көшеттердің ішінде алма, өрік, шие сияқты жеміс ағаштары бар. Биыл мектеппен қоштасамыз. Кішкентай күнімізден қолымызға «Әліппе» ұстатып, сауатымызды ашқан, үлкен өмірге дайындаған алтын ұямызға жақсы ескерткіш қалдырғымыз келеді. Біз еккен жеміс ағаштары адамдарға жақсы денсаулық, көтеріңкі көңіл күй сыйласа дейміз. Сондықтан, еккен дарағымызды бастауыш сыныптың балаларына тапсырдық. Олар қамқорлық жасап өсіреді. Әрине, бос уақытымызда өзіміз де келіп күтіп, баптауына араласамыз».
Бұл жолы аталар емес, мектептің түлектері соңдарынан ерген жас өскіндерге он мыңнан астам көшет егіп, тапсырып барады.
Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова қолына кетпен ұстап, акцияға қатысқан жоғары сынып оқушыларына разы. Өйткені, олар жеміс ағаштарын егіп қана қойған жоқ, өздерінен кейінгі оқушыларға үлкен өнеге көрсетті.
Бүгінде Сайрамдағы 72 мектепте 40 мыңға тарта жоғары сынып оқушылары еккен көшеттер жайқалып тұр. Елге еңбек ету деген осындай ізгі істерден бастау алады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Динара Шүкіжанова: Жаңа Конституция бизнестің дамуының берік негізін қалыптастырады
Ата заң • Бүгін, 22:40
Қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 22:22
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады
Ата заң • Бүгін, 22:15
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:51
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2031 жылға дейінгі ынтымақтастық стратегиясын талқылады
Экономика • Бүгін, 21:30
Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 20:48
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Өндіріс • Бүгін, 20:29
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?
Қаржы • Бүгін, 20:08
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Қоғам • Бүгін, 19:55
Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін күшейтетін заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:45
Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды
Ата заң • Бүгін, 19:35
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:29
Үйленгісі келмейтіндер неге көбейді?
Қоғам • Бүгін, 19:10