Қазақстан атынан Ғалымжан Әуесбай есімді акробат Қытайдағы Reality Show Talent шоуына қатысып жатыр.
«YouTube-тен түрлі видеоларды көріп, арнайы кітаптарды оқитынмын. Осылайша, білгенімше дайындалатынмын. Аспанасты еліндегі жарысқа қатысу туралы идеяны таныстарымның бірі айтты. Көп кешіктірмей, ұйымдастырушыларға өзім жайлы мәліметтерді, видеоларымды жібердім. Арада көп ұзамай байқауға қатысуға шақырды», – деді Ғалымжан Әуесбай.
Байқаудың алғашқы кезеңі 2016 жылы қыркүйек айында Үрімші қаласында өткен. Бұл сында Ғалымжан бес орындықтың көмегімен өнер көрсеткен. Қазылар алқасы бірауыздан келесі кезеңге жолдама берген болатын. Ал қараша айына ұйымдастырылған байқауда он бір орындықпен қолынан келетін өнерін паш етті.
«Байқаудың үшінші кезеңі ақпан айының ортасында өтеді. Төрт шыны бөтелкеге төрт орындықты қойып, оның үстіне тағы төрт бөтелке мен төрт орындыққа шығып, талантымды көрсетуді жоспарлап отырмын», – деді акробат.
Reality Show Talent шоуының жеңімпазы төрт кезеңнен кейін анықталады.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған ол бүгінде Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр факультетінің 3-курс студенті. Акробатикаға деген қызығушылығы тек жоғары оқу орнына түскен соң ғана артқан.
• 07 Ақпан, 2017
Тағы бір қазақ Қытайда таланттар байқауына қатысуда (видео)

Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Дін • Бүгін, 08:45
Мәдениет • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:35
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Саясат • Бүгін, 08:28
Тұлға • Бүгін, 08:25
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:22
Спорт • Бүгін, 08:20
Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс
Медицина • Бүгін, 08:17
Бибісараның табысы – 10 668 доллар
Шахмат • Бүгін, 08:15
Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады
Реформа • Бүгін, 08:13
Баласағұннан жеткен құнды мұра
Жәдігер • Бүгін, 08:10