«Экспорт» ұғымы латынның «exporto» деген сөзінен шығады, яғни негізгі мағынасы «порттан немесе теңіз айлағынан» шетке шығару дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, экспорттық әрекеттер кәсіпорындарды халықаралық бәсекеге және ғаламдық озық технологиялық өзгерістерге бейімдейді. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін күшейте отырып, әлемдік рыноктың жоғары сұранысқа ие тауарлармен толығуына жол ашады. Түйіндей айтқанда, елдегі компаниялардың экспорттық әлеуеті қаншалықты мықты болса, ел экономикасы да соншалықты жаһандық бәсекелестікке қабілетті, технологиялық жаңғыртылуы жоғары болып келеді.
Жаһандық дағдарыс жылдарында тиімді реформалар жасау арқылы өзгелермен салыстырғанда оқ бойы озық шыққан Қазақстан экономикасы соңғы жылдары дамудың жаңа баспалдақтарын бағындырды. Елімізде ерекше басымдық берілген ҮИИД бағдарламасы шеңберінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін шетелдерге шығару мақсатын-
да жүргізілген кешенді шаралар өзінің тиімді нәтижелерін беруде. Еліміздің экспорттық әлеует жылдан-жылға өсіп келеді.
2016 жылы Қазақстан Кеден одағына кіретін мемлекеттерден басқа елдерге 32,9 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі тауарларды экспортқа шығарыпты. Табиғи шикізаттардың бағасының арзандауына және әлемдік рынокта бұл тауарларға деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан, Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы ел дәрежесін сақтап қалды. Елбасының экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен арылту туралы тапсырмаларына сәйкес, қайта өңделетін тауарларды экспорттау көлемі артуда. Мәселен, 2016 жылы ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өндірісі саласының экспортқа шығаратын өнімінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 18 есе өсіп, 229,9 миллион АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, тоқыма және тоқыма өнімдері өндірісінің экспорттық әлеуеті жыл ішінде 19,6 пайызға артып, 78,7 миллион долларды құраса, еліміздің машина, көлік құралдары және жабдықтар шығаратын өндірісі саласының экспорттық өнімі жыл ішінде 7,2 пайызға өсіп, 497 миллион АҚШ долларына жеткен.
Бүгінде Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспорттаушы ел қатарынан берік орын алған. Ал жаһандық рынокқа уран, ұн және бидай экспорттауда Қазақстан Республикасы көшбасшы болып табылады. Еліміз қазір әлемнің 118 мемлекетіне қайта өңдеу өнеркәсібінің 800-ден астам тауар түрлерін экспорттайды. Беделді халықаралық сарапшылардың пікірінше, біздің елдің экспортқа шығаратын тауарларының сапасы да жоғары болып келеді екен. Біздің тауарларымыз экспортталатын стратегиялық рыноктар негізінен Ресей, Қытай, Иран, Орталық Азия мемлекеттері және Кавказ болып табылады. Сонымен бірге, Еуропалық одаққа қарасты елдерде де Қазақстан тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға ұлғайып келеді. Соңғы жылдары Қытай, Иран, Ресей елдерінің экспорттық рыногына бағытталған: «QAZAQ ORGANIC FOOD» (Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі); «Ет бренді» (Ірі қара және құс еті); «Халал» (Мұсылман мемлекеттерінің рынок стандарттарына сәйкестендірілген өнімдер) сияқты шатырлы брендтер белгіленді.
Жолдауда экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында «Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек», деп атап көрсетілген. Бұл ретте Инвестициялар және даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралар баршылық. Елімізде шикізаттық емес сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға қолдау көрсету мақсатында арнайы бағдарлама қабылданған. Жыл сайын шикізаттық емес тауарларын экспорттаушы 300-ден астам қазақстандық кәсіпорын осы бағдарламаға қатысады. Қазіргі кезде Қазақстан бизнесінің экспорттық сауда миссиясын қолдау шеңберінде 20 шет елде әртүрлі шаралар өткізілуде. 300-ден астам тауарлық белгілерді шетелдік тұтынушыларға таныстыру мақсатында 86 жарнамалық тұсаукесер шаралары өткізілген. Қазақстандық тауар өндіруші 237 компания тауарларының көрмелері ұйымдастырылған.
Сонымен бірге, шетелдік рынокқа енді ғана шыққан экспорттық компанияларды қолдау мақсатында әртүрлі оқу-әдістемелік шаралары өткізіледі. Жыл сайын 20 шет мемлекеттер қазақстандық экспорттаушы компаниялардың тауарларын насихаттау мақсатында жүзден астам кешенді жарнамалық шаралар ұйымдастырылады. Әрине, мұндай шаралар экспорттық тауарларды таныстыруға елеулі ықпал жасағанымен, тауарларын экспортқа шығаратын компаниялардың әлеуетін арттыра алмайды. Сондықтан, бұл мәселеде бәсекеге қабілетті сапалы тауар өндіретін компаниялардың инновациялық және технологиялық мүмкіндіктерін арттыруға басымдық берілуі керек.
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басты мақсаты ел экономикасының барлық саласын бірыңғай жан-жақты жаңғырту негізінде мүлде жаңа экономикалық модель құруды көздейді. Мемлекет басшысы күн тәртібіне қойып отырған негізгі бес басымдықты жүзеге асыру жолында нақты стратегиялық бағдарламалар белгіленуі қажет. Бұл ретте елдің экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында да жаңа озық технологияларға негізделген стратегиялық бағдарлама жасалуы тиіс. Елбасының Жолдауда айтқан «Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруі тиіс. Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуі керек», деген нақты тұжырымы да осы кешенді міндетті күн тәртібіне қойып отыр.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40
Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:23
Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады
Қоғам • Бүгін, 13:04
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?
Әдебиет • Бүгін, 11:30
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23