Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси бетбұрыстарға қадам басқанын мәлімдеді.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аралықта көптеген құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырып, аса маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Ал Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттар осы 25 жыл ішіндегі табыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Президент Жолдауы ұзақ мерзімді стратегиялық сипатқа ие. Онда сыртқы экономикадағы құбылмалы әсерлер кезінде қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қамтылған. Жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, қазіргі таңда елдің ішкі әлеуетін күшейте түсу кезек күттірмейтін мәселе деуге болады. Осы мақсатта Президент орнықты экономикалық өсімге, ұлттық экономиканы технологиялық жаңғыртуға, іскерлік ортаны жақсартуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, адами капиталды сапалық тұрғыда арттыруға, сонымен қатар, институттық қайта құруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі күрес жүргізуге бағытталған басымдықтарды атап көрсетті.
Жолдауда айтылғандай, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес сынды салаларды дамыту ұлттық экономиканы алға сүйрейді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі саналатын агроөнеркәсіп кешенінің Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты зор маңызға ие екендігі соңғы жылдары айқын байқалды. Сол себепті, алдағы уақытта да агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту көзделіп отыр. Кооперативтердің рөлін күшейту, шикізатты тереңдетіп өңдеу әрі оны сақтау сапасын жақсарту, тасымалдау мен өткізу, егістік жерлерді кеңейту, аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестицияны көптеп бөлу сынды нақты шаралар ауыл шаруашылығы саласының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деген ойдамын. Осы орайда, қазірдің өзінде Қазақстан ауыл шаруашылығы секторының әлеуеті бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналатынын айта кету керек.
Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар Үшінші жаңғыруда алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге өте тиімді ықпал ететіні анық. Қазіргі таңда Қазақстан жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың қарсаңында тұр деп санаймын.
Анна АЛЬШАНСКАЯ,
Қазақстан Президенті жанындағы
Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері

Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Теңге • Бүгін, 16:47
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Шин-Лайн» ұжымымен кездесті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Аида Балаева: Жаңа Конституцияны халықтық деп атауға толық негіз бар
Ата заң • Бүгін, 16:29
Ауғанстанда 500-ден астам музыкалық аспап әдейі өртелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
Ата заң • Бүгін, 16:16
Өскеменде заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 16:06
Елдегі алғашқы агротехнопарк ауыл шаруашылығына қандай пайда әкеледі?
Экономика • Бүгін, 15:48
Қонаев қаласында жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:45
Түлкіден тараған ауру: Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді
Оқиға • Бүгін, 15:42
Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:30
Қазақстан − Үндістан арасындағы тауар айналымы 923,3 млн долларға жетті
Үкімет • Бүгін, 15:20
Таразда 13 жастағы қызды құтқарған азамат марапатталды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:10