03 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Галышева екінші алтынға қол жеткізді

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық Юлия Галышева параллельді могулдан алтын жүлдеге қол жеткізді. Параллельді могу сайысының финалында ресейлік Елизавет Безгодовадан 17:8 есебімен басым түсті. Бұл сында екінші орын тиісінше ресейлік спортшыға бұйыртса, қола жүлдені австриялық Катарина Рамзауэр місе тұтты. Айта кетейік, Юлия Галышева кеше жекелеген могулда да алтын медальға қол жеткізген.
Соңғы жаңалықтар