Sports.kz мәліметі бойынша Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасына ресейлік Фаиль Миргалимов бас жаттықтырушы болып тағайындалуы мүмкін.
Миргалимов көбіне шағын футболдағы қызметімен белгілі. Ресей ұлттық құрамасының бапкерлік штабына кірген. Сонымен қатар, бірнеше командаларды жаттықтырған. Үлкен футболда Ресейдің «Лукойл» (Төменгі Новгород), «Звезды» (Иркутск), «Сахалин» (Оңтүстік Сахалин) ұжымдарына бапкер болған. Өзбекстанның «Машъала» клубының жаттықтырушылар алқасына кірген. PRO бапкерлік лицензиясы бар.
Фаиль Миргалимов пен «Ордабасының» қазіргі басшысы Бақтияр Байсейітов 1988 жылы Шымкенттің «Мелиоратор» клубында бірге қызмет еткен. Миргалимов мұнда шабуыл шебінде ойнаса, Байсейітов команданың бас бапкері болған.

Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Кеше
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Кеше