WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келер жылы польшалық боксшы Мацей Сулецкимен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер ringpolska.pl басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады vesti.kz.
Сұхбат барысында промоутер Головкинмен қашаннан бері жұмыс істеп келе жатқанын және Головкиннің алдағы жоспарлары туралы мәлімдеді
«Головкинмен алтыншы жыл бірге жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралағында 15 кездесуін өткізді. Қазіргі уақытта оның бокстан қашан кететіні жөнінде сұрақтар жиі қойылады. GGG-дің басты мақсаты – орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулердіің басын біріктіру. Әзірге оның еншісінде Бүкіләлемдік бокс ұйымының үш чемпиондық белбеуі бар. Енді төртіншісін жеңіп алу керек. Қазір Головкин сол үшін дайындалып жүр. Бокстан кететін ойы жоқ», – деді Леффлер.
«Биылға жоспарымызды құрып қойғанбыз. Дэниел Джейкобсты ұтқан жағдайда кіші Чавесті немесе Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырып көреміз. Сонымен қатар, 2018 жылы полшалық Мацей Сулецкимен жұдырықтасуымыз мүмкін. Бұл кездесуді де «Madison Square Garden» аренасында өткізсек дейміз. Бұл кештің андеркартына Александр Усик пен Кшиштоф Гловацки арасындағы кездесуді де қосуымыз ойда бар», – дейді промоутер.
Айта кетейік, 27 жастағы поляк боксшысы Мацей Сулецки осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп, оның 8-де қарсыласын нокаутқа түсірген.

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше