Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайлары күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды.
Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы, жиналған қардың көлемі 3 млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойынша бұл көрсеткіштер жиналған қардың көлемінен бірнеше есе артық. Бұған дейін жүргізілген талдау көрсеткіші бойынша, 2014 жылы 3,2 млн тонна, 2015 жылы 3,4 млн тонна, ал 2016 жылы 2,9 млн тонна қар шығарылған.
Қазіргі уақытта коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері қаланың санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін жолдар тазартылуда. Тұрғын үйлердің аулалары мен орамішілік телімдердің аумағын жергілікті ПИК-тер өз күштерімен жинайды.
• 06 Қаңтар, 2017
Астанада үш ай ішінде 3 млн текше метр қар шығарылды

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Туризм • Бүгін, 08:25
«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»
Сұхбат • Бүгін, 08:20
Референдум • Бүгін, 08:17
Таным • Бүгін, 08:15
Қоғам • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Мирас • Бүгін, 08:05
Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер
Саясат • Бүгін, 08:02
Көрме • Бүгін, 08:00
Қоғам • Бүгін, 07:55
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше