Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында жұмыс жасайтын «Хайуанаттар бағына» барып, кәдімгідей-ақ аң-таң қалады екенсің. Балықтар, тасбақалар дейсіз бе, әртүрлі құстар, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер, тиіндер, тотықұстардың да түр-түрін көресіз. Ғажайып орман ішін аралап жүргендей әсерде қаласыз. Қаланың күнделікті у-шуынан серпіліп, аз да болса, тынығып шығасыз. Хайуанаттар бағында 54-тен астам жан-жануардың түрлерін кездестіре аласыз.
– Балалар жануарларды өз қолдарымен күтіп-бағады. Әрқайсысы осы шағын хайуанаттар бағында теңіз доңызын, тасбақалар, тотықұстар және тағы да басқа қолға үйретілген жануарларға өз қолдарымен тамақ береді. Хайуанаттармен қарым-қатынаста болған әр бала жауапкершілікке, мейірімділікке тәрбиеленіп, жануарлар өмірі жайлы қызықты мәліметке қанығады. Бұл жерде өмір сүретін әрбір жануардың хайуанаттар бағына келу сырлары бар, – дейді «Экомир» үйірмесінің жетекшісі Ирина Матвеева.
Оқушылар сарайындағы «Экомир» үйірмесіне келген әрбір оқушы экологиялық білім алады. Ал құстарға ерекше қамқор болу – бұл үйірменің басты бағыты. Балалар құстар жайлы көп ақпарат алып, қыс мезгілінде құстарға жемсауыттар жасап, «Құстар мерекесі» қарсаңында әртүрлі шығармашылық сайыстарға қатысады. Біз аралап көріп жүрген шағын ғана Хайуанаттар бағы 30 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді.
– Біздің сарайға келген әр бала өз жанына жақын іспен айналыса алады. Ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұмыс жасау, ән шырқап, би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаштараз өнерімен айналысып, тіпті хайуанаттарға қамқор болып, табиғат әлемін зерттеуге мүмкіндіктері бар, – дейді Оқушылар сарайының қызметкері Әсем Аюпова.
Біз Әсел айтып тұрған «Антарес» аталатын астрономия орталығының жас астрономдарымен де таныстық. Бұл жерде ғарышты зерттеуші болашақ астрономдар оқып-үйренуде. Жас астрономдарға арналған обсерватория алаңын да көрдік. Обсерваторияның бақылау, көру алаңы, астрономия сабағы өтетін бөлмелері бар екен. Телескоппен аспан әлеміне көз салып, автоматтандырылған басқару пультінде отыруға да болады. Қуаттылығы әртүрлі үш телескоп орнатылған. Балалар, астрономия және астрофизика ілімдерін зерттеп, білімдерін толықтыра алады.
Қазір Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайына облыс орталығында тұратын 6 жастан 18 жасқа дейінгі 3231 оқушы тұрақты түрде келеді. Сарайда 257 үйірме мен клуб жұмыс жасайды. Облыс орталығына сапарлап келген ғарышкер Айдын Айымбетов: «Әлі-ақ көрерсіздер, осындай сарайдан, осындай кішкентай обсерваториялардан кейін үлкен құпиялар ашылады», деген болатын.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12