Ұсынылған заң жобасы сараптама мен тіркеу кезеңдерін біріктіріп, оны бірыңғай электрондық қызметке айналдыру арқылы процедураны жеңілдетуді және жеделдетуді көздейді. Депутат бұл жаңа механизм өмірлік маңызы бар препараттардың қолжетімділігін қаншалықты жеңілдететінін және фармацевтика нарығының сапасына қалай әсер ететінін сұрады.
Вице-министр Тимур Мұратовтың сөзінше, министрлік нарыққа сапалы дәрі-дәрмекті жылдам жеткізу үшін оларды тіркеу процесін тездетуді ұйғарған
«Реттеу жүйесі жоғары мемлекеттер – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Еуропалық Одақ елдері үшін тіркеу 15 тәулікке дейін уақыт алады, содан кейін препараттар нарыққа шыға алады. Ал реттеу жүйесі қатаң емес елдер үшін біз тіркеу мерзімін 100 күнге дейін қысқарттық», деді Мұратов.