Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы кездесу барысында жаңа Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановты таныстырды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Ыдырысовтың Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалғанын айтып, оған ведомство басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Президенті дағдарыс құбылыстары мен өзгерген жаһандық ахуал жағдайында Сыртқы істер министрлігі алдында жаңа көзқарасты талап ететін көптеген жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.
– Қазақстан 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына кіріседі. Осы құрылымға тұрақты емес мүше болып сайлану – әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген құрметінің айғағы. Бұл – ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалыс саласындағы және күн тәртібіндегі өзге де халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын талап ететін жауапты міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаңтар айында еліміз көптеген мемлекеттердің өкілдері қатысатын 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өткізетінін айтты.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев маусым-қыркүйек айларында өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жөнінде әңгімеледі.
– 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысатындарын растады. Іс-шараның табысты өтуі көбіне Сыртқы істер министрлігінің жүйелі жұмысына байланысты, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті таяу арада Астанада Сирия түйткілдері жөнінде келіссөз жүргізуге мұқият дайындалу қажеттігіне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында мейлінше тиімді жұмысты жолға қою қажеттігін маңызды міндет ретінде атады.
– Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында елдің дипломатиялық қызмет органдарының жұмысындағы ең маңызды жүйелі элемент экономикалық өлшемдер болуға тиіс. Инвестиция тарту және отандық тауарлар экспорты мәселелерімен айналысу қажет. Осы орайда, Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктің жұмысын күшейту керек. Келер жылы Астанада өткізу жоспарланып отырған ауқымды халықаралық іс-шараларға – Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммиттеріне тыңғылықты дайындалған жөн, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев елшіліктер Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық уағдаластықтарға тиісті бақылау жасау саласында жұмыс жүргізуі қажеттігін арнайы атап өтіп, елімізді шет елдерге танытатын министрлік қызметкерлеріне жоғары жауапкершілік жүктелетініне, сондықтан кадр мәселелеріне баса ден қою керектігіне назар аударды.
Соңында Мемлекет басшысы сыртқы саясат ведомствосы жұмысының жақсы деңгейде екенін атап өтіп, жиналғандардың барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Сурет Президенттің баспасөз
қызметінен алынды

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53