Қостанай облысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, 300-ден астам күдіктінің қылмыстық тергеуін тоқтату жоспарлануда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Олардың арасында кәмелет жасқа толмағандар, жеңіл және орташа қылмыстық әрекет бойынша күдікті болғандар бар.
«Рақымшылық негізінен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ азаматтарын, кәмелеттік жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді және кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарттарды, мүгедектерді және ұсақ қылмыс жасағандарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді», – деді Қостанай облысы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұридин Дауылбаев.
Сонымен бірге, Дауылбаев атап өткендей, заң аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға рақымшылық жасауға тыйым салады. «Бұл криминалдық жағдайдың қиындау қаупін сейілтеді», – деп санайды Қостанай облыстық ІІД басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бес жыл бұрын, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, өңірде 908 адам рақымшылықпен босатылған еді.
• 23 Желтоқсан, 2016
Қостанайда жүздеген күдікті рақымшылыққа ілінеді

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше