Осыдан 10 жыл бұрын Тайынша ауданында индустриялық-инновациялық және агроазық-түлік бағдарламалары бойынша 10 миллиард теңгеге «Биохим» өндірістік кешені бой көтеріп, ТМД-дағы тұңғыш озық технология ретінде бағаланды. Сапасы төмен, сұрыбы нашар бидайды қалдықсыз өңдей отырып, астық балуызын, биоэтанол алу, бензиннің осы қоспасы арқылы ауаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін 30 пайызға дейін азайту міндеті қойылды. Бұдан тысқары кешенде сапалы ұн, жемазық ашытқысын өндіру, мал бордақылау алаңын, сүт фермасын құру, астықтың күнжара, кебек сияқты қалдықтарын пайдалану жоспарланды.
Алайда, «ХХІ ғасырдың биотехнологиялық кластері» деген жанама атау берілген кәсіпорын кредиторлық қарыздардың көбеюі, тағы басқа себептер салдарынан ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге төтеп беру қабілеттілігінен айырылып, өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Енді, міне, қалталы алпауыттар жеті жыл бойы қаңтарылып тұрған зауытты тездетіп қалпына келтіруге кірісті. Облыс басшысы Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына барған жұмыс сапарында өндіріс орнында болып, инвесторлармен кездесті. Әңгіме барысында кешенді іске қосуға дайындық шаралары талқыланды. «Bio Operations» компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ және «BioLinekz»ЖШС-нің қатысуымен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Диірмен, одан кейін крахмал, ұлпа өндіретін цехтар жаңартылады. Оларға құрал-жабдықтар Кытайдан, Ресейден, Түркиядан, Англиядан әкелініп, орнатылады. Ұнға деген ішкі-сыртқы сұраныс ескеріліп, қазандықтарды, қоймаларды, диірмендерді жедел іске қосу тапсырылды.
Іскерлік кездесу барысында кешеннің сумен жабдықталуына, электр жарығына, жылу жүйесіне қосылуына барлық техникалық мүмкіндіктердің жұмылдырылатыны, бөгесін болмайтыны айтылды.
«BioLinekz» ЖШС-нің жобалау жөніндегі директоры Жандос Есенбайдың айтуынша, бүгінде кешенге су, телефон, электр желілерін тартудың техникалық шарттары жасалып, қондырғылар сараптамадан өткен. Жоспар бойынша ірі өндіріс ошағы келесі жылы бидай өңдеп, ұн, крахмал шығара бастайды. 220 адамды тұрақты жұмыспен қамту белгіленген.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы,
• 23 Желтоқсан, 2016
Банкрот болған «биохим» қайтадан іске қосылады

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше