Тамыз айында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ пен Энергетика министрлігі балама энергетика саласындағы ең үздік идея немесе жобаға байқау жариялаған болатын. Кеше ЭКСПО орталығында соның қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік, мыңнан мықты шыққан өнертапқыш анықталды.
«Ғалымдар мен өнертапқыштар арасындағы жеңімпаздар халықтың жалпы дауыс беруі арқылы анықталды. Үздік инновациялық жоба ЭКСПО-2017 көрмесіндегі қазақстандық павильонға қойылады. Бес айдың ішінде жобаға 100-ден астам өтініш келіп түсті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері 50 жобаны таңдап алды. Бізде қызмет көрсетудің барлық түрлеріне ақы төлеу керек. Айталық, тұрмыс жайлы болу үшін коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеу қажет. Ал алматылық өнертапқыш Марат Исекеев түбіртектегі «электр үшін» деген бағаннан біржола құтылудың жолын ұсынады. Ол энергияны тегін алатын жел стансасын жасады. Оның жұмысы біздің көңілімізден шықты», дейді ұйымдастырушылар.
Жоба жеңімпазы болған Марат өз еңбегі жайлы тоқталып, кеңінен таныстырды.
««Менің жобамның атауы – «Көп деңгейлі және көп қатарлы ротор жел стансасы». Қазақ даласында жел күшті болғандықтан, жас ғалымдар ұжымы қондырғыны ауылдық жерлерге орнатып, біздің жел стансасы арқылы оларды тегін электр қуатымен қамтамасыз етуді ұйғарып отыр. Құрылым төбесі мен едені бар, тек қабырғасыз көп қабатты үйдің қаңқасын елестетеді. Ішіндегі тігінен орнатылған діңгектерге желмен айналатын қалақша бекітілген. Басқа жел қондырғыларынан басты айырмашылығы – осы конструкция арқылы бұл өкпек жел әсерін пайдаланады. Сөйтіп, желдің екпінін күшейтіп, басқа стансаларға қарағанда анағұрлым көп энергия алады. Бұл технологиядағы еден мен төбе плиталары диффузор міндетін атқарады. Біз өкпек желді сонда бағыттаймыз. Соның арқасында желді пайдалану коэффициенті қазір қолданыста жүрген конструкцияларға қарағанда, 30-50 пайызға артады. Яғни, жел энергиясын пайдалану әсері 0,7-0,8-ге жетеді. Мен ұсынған жобаның тәжірибелік нұсқасын өнертапқыштар Қапшағайға орналастыруды жоспарлап отыр. Қалада мұндай стансаны үйдің төбесіне қоюға болады. 5-7 қабатты үйдің тұрғындарын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін, қосымша екі қабат салынуы керек. Жел модульдері сонда орнатылады. Сөйтіп, адамдар ешқашан азаймайтын әрі қоршаған ортаға зиянсыз жолмен энергия қуатын алады. Тұтынушылар орталықтандырылған электр жүйесінен тәуелсіз болады әрі қаржы үнемдейді», дейді ол.
Байқау жеңімпазы Марат Мұхаметқалиұлының техника ғылымдарының кандидаты, компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, КазАТиСО «G-Global» жастар штабының жетекшісі екенін де айта кеткен жөн болар.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:44
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Білім • Бүгін, 09:30
«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды
Бокс • Бүгін, 09:28
Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:19
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:13
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Пікір • Бүгін, 08:58
Сот төрелігіне сенім артып келеді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55
Саяси жүйені неғұрлым икемді ету ұсынылды
Пікір • Бүгін, 08:52
Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?
Экономика • Бүгін, 08:50
Білім саласын жетілдірудің басымдықтары белгіленді
Саясат • Бүгін, 08:48
Көмір генерациясы энергетикалық қуатты күшейтеді
Экономика • Бүгін, 08:45
Бюджет-салық саясатының жаңа бағдары
Саясат • Бүгін, 08:43