Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентіндегі «Айгөлек» балабақшасы мұнда келетін сәбилер санының күрт өсуінен ғимарат тапшылығын көріп жүр еді. Осы мәселені шешу үшін өткен жылы республикалық бюджеттен осы елді мекендегі ескі қонақ үйді күрделі жөндеуден өткізуге 80 миллион теңге қаражат бөлініп, мердігер «Олжа KZ» ЖШС іске кірісті. Құрылыс фирмасы дегенінде тұрып, ескі қонақжайды адам танымастай әдемі етіп жөндеп, әсем де жинақы балабақша ғимаратын ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында пайдалануға берді.
Қос қабатты, жалпы аумағы 650 шаршы метр болатын жаңа балабақша ғимараты 75 балаға арналған. Үш топта тәрбиеленетін сәбилерге арналып жабдықталған музыка залы, ойын алаңдары, спорттық корт жұмыс істейді. Балабақшаның барлық бөлмелері отандық өндірістің тамаша жиһаздарымен, басқа да керек-жарақтармен толық қамтамасыз етілген. Мекеме дербес жылу жүйесімен жылытылады. Жаңа ғимараттың ауласында да арнайы спорт, ойын алаңқайлары бар.
Балабақшада қазір 18 педагог еңбек етуде. Олардың бәрі де тиісінше біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Балғындарға сабақ заманауи бағдарламалар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
«Айгөлек» балабақшасының жаңа ғимараты балалар мен ата-аналардың қуанышына айналумен қатар, Жезді кентінің де шырайын келтіріп тұр.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы

«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Әлем • Бүгін, 10:42
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:28
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 10:26
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 10:11
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Футбол • Бүгін, 10:09
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:44
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Білім • Бүгін, 09:30
«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды
Бокс • Бүгін, 09:28
Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:19
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:13
Аймақтар • Бүгін, 09:00