Фото: «Қайрат» ФК
Бұл кездесу еліміздегі жаңа футбол маусымының алғашқы ойыны болмақ.
Өткен Премьер-лига маусымында «Қайрат» екінші жыл қатарынан чемпион атанып, осы атаққа үмітті «Астана» футбол клубынан басым түсті. Ал «Тобыл» өз кезегінде үздік үштікке еніп, Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Финалда олар шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен ұтқан.
Екі команда да Суперкубок бәсекесінде мол тәжірибеге ие. Алматылық клуб халықаралық аренада да сәтті өнер көрсетіп, УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы Милан мен Лондондағы кездесулерде тәжірибе жинақтады.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?
Маусымаралық кезеңде «сары-қаралар» Финляндия, Аргентина, Португалия және Бразилиядан легионерлер шақырып, құрамын күшейтті. Команда әлі де маусымның басты фавориттерінің бірі саналады.
«Тобыл» да трансферлік нарықта ауқымды жұмыс жүргізді. Қостанайлық клубтың құрамы елдегі бағасы жағынан екінші орында деп есептеледі.
Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады