Жыр алыбы Жамбыл атындағы ауданда Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы құрметіне арналып қазақтың ұлттық ойыны – көкпар тартылды
Ұзынағаштың күнгейінде «қиқу» салған жүз қаралы кісі әп-сәтте аппақ қардың боз-боранын шығарды. Ауыздығымен алысқан арғымақтар танауынан бу бүркіп, құлақшынын баса киген апайтөс жігіттер «атой» салды. «Қазақтың қаны қызу көкпар десе» дегендей-ақ, жиналған қауымның делебесі қозып, айызы қанды-ай! Тіпті талайлар қыстың күні де күздегідей көкпар ойыны болатынына да таңдана алмай қалды.
Алматы облыстық «Кәсіпқой» ұлттық спорт клубының директоры Орынтай Әмірғалиев қыстың көзі қыраудағы көкпар додасы туралы ойын былай бөлісті:
– Сезімтал жануарлардың ащы терін алып қырбық қардың үстінде бұлайша додаға түсіп, тартқан көкпарымызды тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық мерейтойына арнадық. Алаңға шыққан барлық ат мұнда жылы киіндірілген күйде, жайлы көлікпен жеткізілді. Одан нағыз спортшыға спорт аренасында көрсетілетін қамқорлықтан ешбір айырмашылық байқамайсыз дер едім. Қазақтың жаны жылқымен бір, өздеріңізге мәлім, сондықтан да жануардың қиналып қалмауы үшін бар жағдай жасадық. Ең бастысы, мұндай қыс көкпарын біз бірінші рет өткізіп отырғанымыз жоқ...
Ұзынағаштағы ат тұяғының дүбірін алдын ала алыстан құлағы шалған тараздық «Әулиеата» көкпаршылар командасы да қол қусырып қарап жата алмапты. Қазақстан көкпарының әлденеше дүркін чемпионы атағын жеңіп алған команданың жетекшісі – ат бапкері Нұрдәулет Момынов:
– Біз үшін еліміздің тәуелсіздігінен асқан мереке бар ма? Ұзынағаштық бауырларымыздың – атақты атбегі Орынтай Әмірғалиевтің шақыруын құп алып, арғымақтарды үш «КамАЗ»-ға тиеп жеткеніміз осы, мереке құтты болсын, ағайындар! – деді.
Спортшыларды Жамбыл аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Жұмабек Шажабаев құттықтап, салымның мол болуын тіледі. Айтса айтқандай, барлық салым салушы көкпаршы өзіне лайықты сыйлығын алды. Спортшылардың ешқайсысы да марапаттан құр қалмады. Ең бастысы, жиналған спортшылар да, көрермен қауым да егемендік мерекесінің шынайы мәнін түсінді.
Ауданға ғана емес, күллі республикаға есімі өте-мөте танымал атбегі Орынтай Әмірғалиевтің Ұлт мерекесіне арнап шашқан шашуына жұртшылық алғысын жаудырып, көңілдерін сергіткені үшін рахмет айтты.
...Қырбық қардың үстінде ат тұяғы тайғанамады.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Суретті түсірген
Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ

«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Әлем • Бүгін, 10:42
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:28
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 10:26
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 10:11
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Футбол • Бүгін, 10:09
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:44
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Білім • Бүгін, 09:30
«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды
Бокс • Бүгін, 09:28
Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:19
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:13
Аймақтар • Бүгін, 09:00