Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Владивостокта жергілікті «Адмирал» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Эдуард Занковецтің шәкірттері айдындағы ойыншы артықшылығын пайдаланып, есеп ашты. Оны 8-минутта Константин Пушкарев салды.
Екінші кезеңде де қонақтардың мерейі үстем болды. Кэм Баркер мен Мартен Сен-Пьер жеткізген шайбаны Роман Старченко 31-минутта қақпаға дәл бағыттады.
Үшінші кезең басталысымен алға ұмтылған айдын иелері небәрі 30 секундтың ішінде есеп айырмасын қысқартып үлгерді. «Адмирал» сапынан Вадим Краснослободцев мергендігімен танылды. Дегенмен, бұл гол оларды жеңілістен құтқарып қала алмады. Матчтың 55-минутында Дастин Бойд нәтижелі соққы жасаса, араға бір жарым минут салып, дубль иесі атанды.
«Барыс» 41 ойыннан кейін 59 ұпай жинап, «Шығыс» конференциясында 7-орынға көтерілді. Елордалықтар келесі кездесуін 23 желтоқсан күні Челябинскінің «Трактор» командасымен өткізеді.

«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Әлем • Бүгін, 10:42
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:28
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 10:26
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 10:11
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Футбол • Бүгін, 10:09
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:44
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Білім • Бүгін, 09:30
«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды
Бокс • Бүгін, 09:28
Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:19
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:13
Аймақтар • Бүгін, 09:00