20 Желтоқсан, 2016

Ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымының артуы байқалды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасындағы инвестициялық белсенділіктің жай-күйі талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұрудың басты шарттарының бірі инвестициялық белсенділікті арттыру екенін атап өтті. Биылғы 11 ай ішінде инвестициялар көлемі 4,7%, 6,0 трлн. теңгеге дейін өсті. Өсімге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында индустриалдық-инновациялық жобаларды және ИИД МБ, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру ықпалын тигізді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестициялардың оң динамикасын атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағымы 12,1 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары.

Арнұр Асқаров, "Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25