Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы қақтығысушы тараптардың келіссөздерін Астанада өткізуге келісім берді. Бұл жөнінде Елбасының бүгін Ресей және Түркия басшылары Владимир Путин және Тайып Ердоғанмен телефон арқылы әңгімесі нәтижесінде мәлім болды. Ресей мен Түркия Президенттері Елбасымен күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді» делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ресей мен Түркия басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, одан ары өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.
В.Путинмен әңгімелесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына және ҰҚШҰ саммитін өткізуге дайындық мәселелері талқыланды.
Түркия Президентімен сөйлесу кезінде Р.Т.Ердоған Астанаға биылғы 12 желтоқсанға жоспарланған іс-сапарының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді. Түркия көшбасшысы алдағы уақытта біздің елге келуге дайын екенін айтты.
Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық деңгейдегі ұмтылыстарды біздің елдің әуелден қолдап келе жатқанын атап өтті.
16 желтоқсан күні Владимир Путин түркиялық әріптесімен телефон арқылы әңгіме кезінде Сирияда қақтығысушы тараптар келіссөз жүргізетін алаң ретінде Астананы таңдауды ұсынған болатын. «Қазақстан астанасы ондай алаң болар еді. Егер қақтығысушы тараптар келіссе, біз Президент Назарбаевқа осы процесті қолдауды сұрап өтініш жасаймыз» деген-ді Ресей басшысы.
• 18 Желтоқсан, 2016
Назарбаев Сирия бойынша келіссөздерді Астанада өткізуді қолдады

Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39
Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз
Президент • Бүгін, 17:33
Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз
Президент • Бүгін, 17:27
Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?
Елорда • Бүгін, 17:03