Кеше ғана Астанадан үлкен оқиғаға ортақтасып оралдық. Аса салтанатты мәжіліс болды. Елбасымыз ауқымды баяндама жасады. Өте есте қаларлық жағдай болды. Олай дейтінім, Елбасы есеп сияқты, елдіктің ең маңызды сәттерін түгел қамтып өтті. Сан түрлі сала бойынша осы жылдардағы ерекше сәттердің барлығы да көз алдымызға келді. Осындай шежірелі күннен қалып қоймай, көппен бірге болғанымызға, еліміздің амандығына қуандым.
Қандай табысқа қол жеткізсек те осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында біртіндеп жүзеге асып жатыр. Шығармашылық адамдарында, өнер өкілдерінде еркіндік бар. Бұрын тек бір партияның сойылын соғып, жырын жырлайтын едік. Шығармашылық адамдары үшін тақырып таңдау, ой азаттығы деген – үлкен сый. Мұнсыз мәдениет дамымайды.
Қалай болса да бейбітшілікпен бір ширек ғасырды еңсердік. Орындалмастай көрінген көптеген армандарымыз жүзеге асуда. Әлі еңсерілмеген жоспарлар болса, біртіндеп атқарыла жатар. Қазақстан әлемде өз орнын бекемдеді. Ең бастысы, болашаққа деген сенім нық. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болса, жағдайымыз бұдан да жақсы болады.
Біздің жастарымыз да талантты, алғыр, қабілетті. Бір байқағаным, жас дарындар отандық, егемендік, елдік туралы бірқатар туындыларды дүниеге әкелген екен. Сәтті шығармалар да бар. Жастар осы бағытты ұластырса, шынайы шығармалар тудыра берсе деп ойлаймын.
«Махаббат, өлдім, күйдім, сүйдім» деген жеңіл шығармалар да керек шығар. Бірақ, отаншылдық, елжандылық тұрғысындағы туындылар халқымыздың рухын оятады. Туған жерді қадірлеуге, сүюге тәрбиелейді. Елімізді жаңа жетістіктерге жетелейді. Осы тақырыптарға көп мән беру керек. Сондықтан, жас композиторларға айтар ағалық өтініш, тілегім осындай.
Ең бастысы, егемендігіміз мәңгілік болсын. Егемендігіміз мәңгілік болса, ел де аман, тыныштық, берекеміз де бірге болады. Барша отандастарымды еліміздің ең үлкен мерекесімен құттықтаймын!
Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ,
Қазақстанның халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
АЛМАТЫ

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39