Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтауын М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиямыздың салтанат залында тікелей эфирден тамашаладық. Көрсетілімге жоғары сынып оқушыларының арнайы қатысуы бізді ерекше қуанышқа бөледі. Өйткені, Тәуелсіздік шаңырағында туған бүгінгі жасөспірімдердің бойында ертеңгі күннің жауапкершілігі бар екендігін ұқтық. Мұны Тұңғыш Президентіміз: «Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буынның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі» деген сөздерімен санамызға жеткізді.
Президентіміздің, Қазақстан халқының бізге берген үлкен бақыты мен жақсылығы – бейбіт күнде алаңсыз білім беруімізді қамтамасыз еткендігі деп білеміз. Елбасымыз Көкшетауға келген сапарларында мектеп оқушыларымен, жастармен кездесуге зор мән береді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа ризамыз. Біздің 97 жылдығын тойлаған мектеп-гимназиямызда барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Кабинеттер заман талабына сай жабдықталды.
Біздің мектеп – қазақ тілінің құндылықтарын тереңнен насихаттайтын озық білім ошағы. Бұған асыл ұя оқушыларының шешендік қабілетін арттыратын «Шаңырақ» пікір-сайыс клубы айқын дәлел бола алады. Тарих пәнінің мұғалімі, сонымен қатар клубтың жетекшісі – Сағындық Серікбаевтың арқасында көптеген оқушы республикалық байқаулар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденуде. Жыл сайын елордамыз Астана қаласында «Astana Open» республикалық пікірсайыс турнирі өткізіліп, біздің түлектеріміз «Үздік спикер» лауазымын бірнеше рет иеленді. Жастар үшін аталмыш үйірме өте пайдалы.
Елбасы мерекелік құттықтауында жас өркеннің жаңа замандағы орнына ерекше тоқталды. Бұл ғылыми прогресс пен озық технологиялар дәуірі болмақ. Біз білім нәрімен сусындатып жатқан оқушылар осы лектің қатарында өз қабілетін көрсетеді деген сенімдемін. Жақында біздің білім беру ордамызда бұрын-соңды болмаған, әр мектепте кездесе бермейтін роботты техника үйірмесі ашылған болатын. Бұл үйірме бөлмесі арнайы құрал-саймандармен жабдықталған. Робот үлгілері «Lego» конструкторларынан құрылады. Бұл үйірменің жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Әйгерім Бершімова. Мектебіміздің 11 «а» сыныбында оқитын Әлімхан Әбілқайыров робот жасаумен айналысады.
Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жаңа елорда – Астананың құрылуын басты табыстарымыздың бірі ретінде атап өтті. Әсем қала баршамыздың жүрегімізге ыстық, ондағы саяхаттарымыз ұмытылмас әсерге бөлейді. Оқушылар оны шығармаларына қосып жазуда. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер осы қаладағы оқу орындарына түсіп, білім алуды армандайды. Тәуелсіздігіміздің қуанышы көбейе бергенін қалаймыз.
Айман Қазбекова,
М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі
КӨКШЕТАУ

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39