Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Болатбек Төлепбергеннің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай жарық көрген «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жалпы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы еңбектер баршылық. Олардың әрқайсысының орны бөлек. Бұл тақырып алдағы уақытта та талай қаламгерлердің шығармаларына арқау болатыны күмәнсіз. Өйткені, аталған мәселе ұлтымыздың тағдырына тікелей қатысты. Міне, күні кеше осы Желтоқсан оқиғасын негізге алып, оның мән-маңызына тереңнен үңілуге үндейтін тағы бір жаңа туынды өз оқырманына жол тартты.
Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақ радиосының директоры Махат Садық, желтоқсаншылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысқан тұсаукесер рәсімінде аталған кітаптың мазмұны, онда қамтылған жағдаяттар кеңінен сөз болды.
Жиында атап өтілгендей, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақ радиосы директорының орынбасары – «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!» атты публицистикалық кітабында 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасының шығу себеп-салдары мен өрбу барысы кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың, жастарымыздың қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Бұдан бөлек, Желтоқсан оқиғасына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаһармандардың іс-әрекеттері ашып көрсетіліп, желтоқсаншылардың біразының тізімдері мен сол 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың деректері берілген. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектеп, желтоқсандық зиялы қауым болмысын ашуға ұмтыла отырып, оқиғаның бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат тұтқан.
Кітапты оқу арқылы біз Желтоқсан оқиғасы қазақ тарихының күрделі кезеңі екеніне көз жеткіземіз. Автордың бұл тиянақты еңбегі – қаhармандық күрестің шынайы бейнесі мен толық ақиқатын ашудағы сауапты да қажырлы талпынысы, игілікті істің мәуелі жемісі деп айтуға толық негіз бар.
Аталған кітап Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2000 данамен «Керемет медиа» баспасынан жарық көрді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39