Тұңғыш Президент – Елбасының қоры мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бірлесіп, осындай атаумен фотокөрме ұйымдастырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай өткен шарада егемен мемлекеттің фотосуреттегі жылнамасы ұсынылған.
Көрменің ашылу салтанатында қордың атқарушы директоры Сағындық Нұраханов сөз сөйлеп, көпшілікті ұлық мейраммен құттықтады. «Фотокөрме таймлайн режіміндегі ерекше пішімде жасақталды. Мұнда Қазақстан дербестігінің даму хронологиясын көруге болады. Көрермен назарына қойылған кадрлармен қоса, негізгі даталарды еске түсіріп, қызықты фактілерді кездестіресіз», деді С.Нұраханов.
Жиында Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев сөз сөйледі. Ол келушілерге ыстық ықыласын жеткізіп, мерекелік лебізін білдірді. «Бұл фотокөрмені Қазақстан Тәуелсіздігіне тартылған салмақты сый деуге әбден болады. Өйткені, еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қандай биікке өрлесе, осы шарада аталған жолдағы жеңісті және жетістікті сәттерімізді қамтуға тырыстық», деді вице-министр.
Фотокөрме қонақтары мемлекеттің қалыптасуын көрсететін бірегей тарихи суреттерді тамашалады. Айталық, Семей полигонының жабылуын, Қазақстанның бірінші ғарышкерінің космосқа ұшуын, мемлекеттік рәміздердің қабылдануын, еліміздің БҰҰ-ға кіруін айғақтайтын туындылар көрерменді айрықша әсерге бөлейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, елорданың Арқа төсіне көшуі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, «Болашақ» бағдарламасын құру сынды ұмытылмас уақиғаларды бейнелейтін кадрлардан мерейтой маңызын ұғынуға болады.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39