Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың ойынша, алғашқы күндерден бастап ұлтаралық келісім мәселесін қолға алудың арқасында Қазақстанның Тәуелсіздігі нығая түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Тәуелсіздік - бұл ең алдымен бірінші күндерден бастап қолға алынған бейбітшілік саясатының нәтижесі. Ал сол бейбітшілік саясатының негізінде қоғамдық бірлік пен келісім жатыр. Бейбітшілік саясаты әрбір азаматтың бір-біріне деген сенімінен тұрады. Міне, осы сенімнің арқасында достық болады, мемлекеттің өзі нығаяды. Түптің түбінде Тәуелсіздігіміз күшейе түседі. Соны біз алғашқы күннен бастап жасай алдық. Елбасы ұлтаралық саясатқа, соның ішінде қоғамдық келісім саясатына баса назар аударып, күн тәртібінің басты мәселесі ретінде белгіледі. Ол өз кезегінде әлеуметтік, саяси-экономикалық, жалпы тұрақтылық мәселелерін шешуге негіз болды. Сондықтан бір жарым жылдың ішінде Қазақстанға 27 елдің өкілдері келіп, ұлтаралық келісім саласында өзара тәжірибе алмасуға ниет білдірсе, еліміздің өскендігі, руxымыздың көтерілгендігі, Туымыздың желбірегендігі болса керек. Өз атымнан барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Туымыз биіктей берсін!" - деді Е.Тоғжанов.
• 16 Желтоқсан, 2016
Ұлтаралық келісім тәуелсіздікті нығайтты - Тоғжанов

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39