15 Желтоқсан, 2016

Головкин мен Альверс арасындағы жекпе-жек келесі жылы өтеді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ggg-alvarez Мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (48-1-1, 34 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) міндетті түрде жекпе-жек ұйымдастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Альварес 160 фунтқа дейін салмағын көтеріп, Головкинмен жұдырықтасады. Ол GGG-дан жасқанады деп айта алмаймын. Бұл айқас келесі жылы өтетініне кепілдік ретінде промоутерлік лицензиямды қоюға дайынмын», – деп ESPN телеарнасына сұхбат берді. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы кездесу биыл өтуі тиіс болатын. Алайда, мексикалық орта салмақтағы өзінің WBC титулын жекпе-жексіз Головкинге берді. Бұған қарамастан екі тарап әлі де болсын бұл айқастың орын алатынын хабарлап тұрады. Алдын ала болжам бойынша 2017 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қызанақ

Қоғам • Кеше