Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Йоахим Гаук өз құттықтауында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен. «Көпұлтты Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісім елдеріңіздің өркендеуіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және демократия мен заңның үстемдігі жөніндегі саяси үнқатысуды жалғастыруға ниетті», - делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе республикамыздың азаматтарын құттықтап, екі ел халқының достығы одан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді. «Қазақстан Президентінің өткен айдағы мемлекеттік сапары елдеріміз арасындағы осы жылдарда үздіксіз дамып келе жатқан стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне септігін тигізді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасына баянды ғұмыр мен бақ-береке тілеймін», - делінген құттықтау жеделхатында.• 15 Желтоқсан, 2016
Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда
Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше