Сенатта палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Астанаға алғаш рет келген Израиль мемлекетінің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Мейманмен кездесуде Қ.Тоқаев Б.Нетаньяхудің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерінің қорытындылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, қазақстандық парламентшілер Израиль Кнессетімен үнқатысуды нығайтуға және өзара іс-қимылды өрістетуге сенім артады. Төраға 2008 жылы парламенттік делегация басшысы ретінде еврей мемлекеті тәуелсіздігінің 60 жылдығына орай Израильге сапары туралы әңгімеледі.
Қ.Тоқаев мейманды Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлімен таныстыра отырып, Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген институттық реформаларды заңнамалық тұрғыда қолдау туралы әңгімеледі.
Әңгіме барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Израиль үкіметінің басшысы Астанаға дәстүрлі Қазақстан-Израиль достық қатынастарын жаңа әрі жоғары деңгейге шығару үшін келгенін атап өтті. Израиль жоғары технологиялармен бөлісуге және Қазақстанға инвестициялармен жәрдемдесуге дайын. Б.Нетаньяхудың пікірінше, екі мемлекет еркін сауда, тікелей әуе қатынастарын қалыптастыру және бірлескен бизнес-жобаларға жан-жақты көмектесу туралы уағдаласуы керек.

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше