Қараша айында Республика жолдарында 1 604 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 314 адам зардап шекті, оның ішінде 209 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен айда ең көп ЖКО Алматы қаласында (463) болған. Алматыдағы Алтынсарин және Абай көшелерінің қиылысы апаттылық ең көп орын алатын жол бөлігіне айналған, ол жерде 5 ЖКО тіркеліп, 10 адам зардап шекті.
Жолдағы өлім-жітім бойынша Алматы облысы алдыңғы орында, онда 54 адам жол апатынан қаза тапқан. Осы орайда Алматы-Бішкек тас жолы ең қауіпті учаске ретінде тіркелген көрінеді. Бұл жолда 4 адамның қаза болуына әкеп соққан 4 ЖКО орын алды.
«Қараша айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) 5 943 адам жауапкершілікке тартылды, ал жыл басынан 58 871 адам жазаланды», – делінген комитет хабарламасында.
ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қараша айында 216 азамат, ал жыл басынан бастап 4 433 адам жауапкершілікке тартылды.
Ал биыл еліміздің жолдарында барлығы 16 332 ЖКО орын алып, соның салдарынан 23 384 адам зардап шегіп, оның ішінде 2 167 адам ажал құшты. Дегенмен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол көлік апаттылығының деңгейі 5,7 пайызға төмендеді.
• 14 Желтоқсан, 2016
Елімізде бір айда жол апатынан 209 адам қаза тапты

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше