«Қайратқа» жақында ғана қосылған жартылай қорғаушы Георгий Жуков «Оқжетпеске» қарсы ойын және командадағы өзінің орны туралы пікір білдірді.
«Оқжетпеске» қарсы матчта алаңның сол қапталында ойнадым. Бұл жерде бұрын ойнап көрмегендіктен, өзімді жайсыз сезінгенім рас. Әдетте мен орталық жартылай қорғанысқа жауапты болатынмын. Өзімді бұл жолы жақсы қырымнан көрсете алмағаным анық. Бірақ бапкерім нені міндеттесе, соны орындауға тиістімін», – деді Георгий Жуков.
Өткен турда Жуковтың орнына алаңға Ойбек Балтабаев шыққан болатын. «Жаттықтырушылар бұл туралы маған ешнәрсе айтпады. Шамасы, олар менің орталық жартылай қорғаушы екенімді білмейтін секілді. «Астанада» жүргенімде алаңның орталық бөлігінде ойнайтынмын. Алматыда бәрі басқаша. Бапкерлерімнің мұндай шешімі маған ұнамайтынын айтқым келеді», – деді ол.
«Бірақ жаттықтырушыммен сөзге келген емеспін. Ол шешім қабылдайды, мен орындауым қажет. Қолымнан келгенше тырысып жүрмін», – деді Жуков.
Ішкі біріншіліктің бастапқы екі турынан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарына шақырту алғандар Талғарда бас қосады. Қазақстан сапында ойнаудан бас тартқан Георгий бірер ай бұрын бұл ұсынысты қабыл алуға дайын екенін мәлімдеген-ді.
«Маған ұлттық құрамада ойнау жөнінде ұсыныс келді. Ойланбастан қабыл алдым. Енді Талғардағы жиынға аттанамыз. Қазақстан құрамасының ойындарын асыға күтіп жүрмін. Бұл матчтар тартысты өтетіні сөзсіз. Негізгі құраммен шығу үшін, командамның жеңіске жетуі үшін бар күшімді саламын. Физикалық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да бәріне дайынмын», – деді «Қайрат» ойыншысы.

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Футбол • Бүгін, 12:10
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
Қоғам • Бүгін, 12:05
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00