"Қазтелерадио" АҚ-ның басқарма құрамы өзгерді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
28 ақпандағы «Қазтелерадио» АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен Ескендір Тәжібеков «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына, Жанна Смаилова «Қазтелерадио» АҚ Басқармасы төрағасының әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ескендір Ерманұлы Алматы энергетика және байланыс Интститутын тәмамдап, NARXOZ университетінің IBS Халықаралық бизнес мектебінен МВА дәрежесін алды. Еңбек жолын 1997 жылы «Қазақтелеком» ААҚ инженер қызметінен бастаған.
2006 жылы «Техническая сервисная компания» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды.
2008 жылы «Kazsatnet» ҰК АҚ деректерді беру желілерін пайдалану департаменті директорының орынбасары, 2011-2014 жж аралығында компанияда пайдалу департаментінің директоры, басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры лауазымдарын атқарған.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Жанна Болатқызы Алматы энергетика және байланыс Институтын тәмамдаған. Телекоммуникация саласында 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақтелеком» АҚ жетекші экономист лауазымынан бастап, 2006 жылға дейін қаржы-экономикалық қызметінің бастығы, экономика және қаржы жөніндегі орталықтың директоры, коммерциялық жобалар басқармасының басшысы міндеттерін атқарды.
2006-2013 жылдар аралығында қызметін Vimpelcom Group (ТМ «Beeline») компаниялар тобында жалғастырды.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекел бойынша басқарушы директоры қызметін атқарған.

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Футбол • Бүгін, 12:10
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
Қоғам • Бүгін, 12:05
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00