Жыл сайын елімізде 33 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Оның бес пайызы ғана туа бітті ақаудан пайда болады екен. Атырауда тыныс алу органдарының ауруы, соның ішінде өкпе рагы көп тіркеледі. Облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері Жексенбай Нысанов бұл ауруға шалдығуға шылым шегу, саламатты өмір салтын сақтамау және экологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болып отырғанын айтады. Қатерлі ісікті анықтауда бүгінгі медицинаның мүмкіндігі мол, бірақ ауыр дерттің алғашқы белгілері байқалмай өтеді. Сондықтан да науқастардың 70 пайызында ісік үшінші, тіпті, төртінші сатысында дамитыны анықталған. Тұрғындардың скринингтік тексерулерге әлі де немқұрайлы қарайтыны тағы бар.
Соңғы скринингтік тексеріс нәтижелері асқазан, өңеш жолдарының қатерлі ісігі белең алып бара жатқанын анықтапты. Сондықтан да облыстық денсаулық сақтау басқармасы аты жаман аурудың алдын алу, емдеу сапасын жақсарту мақсатында «Онкологиялық инновациялар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, еліміздің әр аймағынан елуге жуық дәрігерді Атырауға жинады. Оларға Астана мен Алматыдан келген білікті мамандар дәріс оқыды. Сондай-ақ, науқастарға ресейлік академик ота жасады.
Қазір облыстық онкологиялық диспансерде 3464 емделуші тіркеуде тұр. Өкініштісі, жыл сайын 500-дей адам осы ауру салдарынан көз жұмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының кеңесші онкологі, медицина ғылымдарының докторы Қайыржан Әбисатовтың айтуынша, аймақта жылына 850 адамнан қатерлі ісік табылады екен. Бір «қызығы» – атыраулықтар сырқаттана қалса, емді сырттан іздейді. Шекара асып, шет елге кететіндер көп. Жергілікті дәрігерлерге деген сенімсіздікке бой алдырып, ауруларын асқындырып алатындар да кездеседі. Әрине, науқас қайда емделсе де еркі, дегенмен, бұл дұрыс емес, дейді дәрігерлер. Өйткені, қазір Атыраудағы онкологиялық диспансердің жағдайы жақсарған, заманауи технологияның түр-түрі бар, мамандар да тәжірибелі.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Қылмыс • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00
Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі
Экономика • Бүгін, 10:50
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Қоғам • Бүгін, 10:40
Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Энергетика • Бүгін, 10:38
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Айбын • Бүгін, 10:32
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Аймақтар • Бүгін, 10:20
13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Экология • Бүгін, 09:55
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39