«Барселона» футбол клубының бас жаттықтырушысы Луис Энрике маусым соңында қызметінен кететін болды. Бұл туралы ол Испания біріншілігінің 25-турында «Спортинг» командасын 6:1 есебімен жеңген матчтан кейін мәлімдеді, деп хабарлады eurosport.ru. «Келесі маусымда «Барселонада» жұмыс істемейтінімді айтқым келеді. Маусым соңында келісімшартымның мерзімін ұзартпайтын болдым. Қазір осы шешімімді айтатын уақыт келген сияқты. Басшылық маған мұндай шешім қабылдауда асықпауымды өтінді. Бірақ маған аздаған үзіліс керек, демалғым келеді. Сол үшін клубтан кетуді жоспарлап отырмын. Команда басшылығының сеніміне, футболшылардың кәсібилігіне, жанкүйерлердің қолдауына алғысымды білдіремін», – деді Энрике. Луис Энрике каталондық клубқа 2014 жылдың мамыр айында келген. Оның бастауымен команда алғашқы маусымында-ақ Испания чемпионатында, Испания Кубогында, Чемпиондар лигасында топ жарды. Сондай-ақ, УЕФА Суперкубогына қол жеткізген. Жыл соңында клубтар арасындағы әлем чепионатын ұтып алды. 2015/2016 маусымында Ла лига мен ел Кубогында жеңіске жетті. Ал Чемпиондар лигасының ширек финалында екі матчтың қорытындысы бойынша «Атлетикоға» есе жіберген болатын. Биыл каталондық ұжым Испания кубогының финалына жолдама алды. Ақтық сында бұл жүлдені «Алавеспен» сарапқа салады. Ал Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойынында «Пари Сен Жерменнен» 0:4 болып ұтылды. Ел біріншілігінде 25 ойында 57 ұпай жинап, әзірге көш бастап келеді.
Футбол • 02 Наурыз, 2017
«Барселонаның» бас бапкері қызметінен кететін болды
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше