Атырауда спорттың жекпе-жек түрінен ерлер және қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен Жайық жағасына жиналған 200 спортшы екі күн бойы бақтары мен баптарын сынға салды.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл спорт түрінен ел чемпионаты Атырауда алғаш рет ұйымдастырылып отырғанына тоқталды. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының президенті Сабыржан Махмет дүбірлі доданың намысты да жігерлі жастарды тәрбиелеудегі маңызын баса айтты.
– Жарыс әлем чемпионатына іріктеу турнирі ретінде өтті. Жүлдегерлер Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналып ұйымдастырылатын әлемдік додада бақ сынайды, – дейді облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Мәдихан Бекбенбетов. – Атыраудың атынан жарысқа шыққан қыздарымыз жоқ, себебі облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының ашылғанына бір жылдай ғана уақыт өтті. Атыраулық арулар бұл спорт түріне енді ғана қадам басып жатыр. Қазір облыс орталығында екі және Құрманғазы, Жылыой, Индер аудандарында бөлімшелеріміз бар. Аз уақыттың ішінде аталған спорт түрінен екі әлем және бес Қазақстан чемпиондары тәрбиеленіп шықты.
Екі күнге созылған сайыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте алматылықтар жүлде саны бойынша І орын алды. Екінші орын Ақтөбе облысы командасына бұйырып, атыраулықтар үшінші орынға ілікті. Ал 85 кило салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен атыраулық Исатай Теміровті өңір басшысы арнайы сыйлықпен марапаттады.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше