Қазақстанның ядролық ғылым мен техника, атом кәсіпорны әлемдік өркениеттің көшбасшылары екендігі әу бастан белгілі. Атомшы мамандар бүгінде Елбасының Жолдауында нақты айтылған тапсырмалар бойынша жұмыс істеп жатыр. Әрине, бұлардың барлығы жәй ғана зерттеу емес, Қазақстанның атом саласы алдағы уақытта дәл бүгінгідей әлемдегі бәсекелестікке төтеп бере алуы керек.
2017 жылы «Қазақстанның ядролық қоғамы» осы бағыт бойынша жұмыстарын жалғастыра бермек. Басты мақсат – ЭКСПО көрмесіне қатысу. Бұдан басқа да шараларға келсек, «Ядролық қоғам» атом энергетикасы саласы мамандарына арналған халықаралық жиындар ұйымдастырып, әр елдің мамандарымен тәжірибе алмасуды да жалғастырмақ. Және болашақта оқушы, студенттерге арналған ақпараттық-оқыту бағдарламаларын қолға алады.
Бүгінде атом энергетикасы әлемдегі энергия тұтынудың 5 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Жаңадан 60 жаңа блоктар салынып жатыр десек, ол негізінен Азия елдерінде, атап айтқанда, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері. 2016 жылдың қорытындысы бойынша дүние жүзінде он жаңа блок іске қосылған. Үш блок әзірше тоқтатылып, жаңадан үш блоктың құрылысы басталып кеткен. Ал 2017 жылдың басында-ақ Қытай жаңа блокты іске қосып үлгеріпті.
– Астанада біз Энергетика министрлігімен бірлесіп, «Ядролық қоғам» құрамына кіретін «Қазатомөнеркәсіп» ҰК, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық және басқа да еліміздегі атом өндірісі саласының мамандарының басын қосып, конференция өткіздік, – деді «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Жданова. Осы «Ядролық қоғам» бұл күндері Жапония, Ресей, Франция, АҚШ елдерінің ядролық кооперацияларымен тығыз байланыста.
«Қазақстанның ядролық қоғамы» – тәуелсіз әрі коммерциялық емес ұйым. Құрамына атом саласын Елбасы тапсырмасымен бейбіт мақсатқа пайдалану және әрі қарай дамыту үшін заңды тұлға ретінде тіркелген көптеген ғылыми-өндірістік мекемелер кірген.
– «Қазақстанның ядролық қоғамы» 1992 жылы құрылса, еліміздің әр түкпірінде бөлімдері бар. Атом энергетикасы бойынша құрылған Ақпараттық орталық жақсы жұмыс істеп келеді, мұның оператор-байланысшылары «Қазақстанның ядролық қоғамы» және «Ресейдің ядролық қоғамы», – дейді Наталья Жданова.
Орталықтың мақсаты, атом энергетикасы мен ядролық технологияларды мектеп оқушылары арасында насихаттап, балалардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттыру көрінеді. Алғашқы жылдың өзінде-ақ Орталыққа 14 424 адам келіпті.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
Шығыс Қазақстан облысы,
Курчатов қаласы
Суретті түсірген автор
• 02 Наурыз, 2017
Ядролық сала кәсіпорындары мемлекеттік тапсырыстарды уақтылы орындап келеді

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше